Қазақстандық кинопрокаттағы жоғары сұранысқа ие фильмдер аталды

 231 Просмотров

Жыл басталғалы Ален Ниязбековтің «Кореядағы қазақша бизнес» отандық комедиялық фильмі кинопрокатта көш бастап тұр, деп хабарлады energyprom.kz. Одан кейінгі орынға ресейлік «Құл» комедиясы жайғасқан. Ticketon.kz порталы бойынша, америкалық «Камуфляж және тыңшылық» анимациялық фильмі үздік үштікте. Алайда фильмдер мен теледидар бағдарламаларын өндіру қызметтері былтырғы жылдың үш тоқсанында 41,2 млрд теңгені құрады. Ал Қазақстан бойынша кино билеттерінің орташа бағасы қаңтар айында 1244 теңгені құрады, бұл өткен жылмен салыстырғанда 0,7%-ға артық. Еліміздің ірі қалалары мен мегаполистерінің көпшілігінде, оның ішінде елордада кинотеатрларға бару құны өзгермеген.

 

Аударған: Д.Доспан

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *