ТҮРКІСТАНДЫҚ ӘСКЕРИ ҚЫЗМЕТШІ «КҮЗГІ МАРАФОН» САЙЫСЫНДА ҮЗДІК АТАНДЫ

 261 Просмотров

Түркістанда алғаш рет «Күзгі марафон» қайырымдылық шарасы өтті. «Мейірімділік үлгісі» акциясы аясында болған марафонға ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаменті ұйытқы болды. Бұл бастаманың негізгі мақсаты – салауатты өмір салтын кеңінен насихаттап, бұқаралық спортты дамыту. Сондай-ақ, тұрмысы төмен, көпбалалы және аз қамтылған отбасылардан шыққан жасөспірімдерге қоғам болып қаржылай қолдау көрсету болып отыр.

Марафон «Президенттік миль» жеңілатлетикалық жүгірісі бойынша өз бастауын жаңа Әкімшілік орталықтан алып, «Рәміздер алаңына» дейін жалғасты. Қатысушылар 2400 метр қашықтықты бағындырды. Спорттық шараға Түркістан облысында орналасқан барлық құқық қорғау органдары мен заң саласының 300 қызметкері қатысып, өздерінің спортқа жақын екендіктерін көрсетті.

Сайыс қорытындысы бойынша, межеленген мәреге Түркістан облысты қорғаныс істер жөніндегі департаменттің қызметкері, аға лейтенант Сергей Садриев бірінші жетіп, үздік атанды. Салтанатты шарада сөз алған ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаментінің басшысы Хаким Көшқалиев қатысушыларға алғыс білдіріп, жеңімпаздарды жеңісімен құттықтады. Қара үзіп, дара шыққан үздіктерге кубок және арнайы дипломдар табысталды. Айта кетейік, қайырымдылық марафонынан түскен қаражат облыс орталығында білім алып жатқан әлеуметтік жағдайы төмен отбасылардан шыққан жасөспірімдердің оқу ақысын төлеуге көмек ретінде берілді. Алдағы уақытта мұндай ізгілік жолындағы игі істер жалғасын табатын болады.

Түркістан облысы қорғаныс істері жөніндегі департаментінің баспасөз қызметі

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *