«БҰТЫ ТАЛТАЙЫП КЕТКЕН, ҮСТІ ҚАН-ҚАН»: ШЫМКЕНТТЕ ӨЛГЕН 3 ЖАСАР ҚЫЗДЫҢ ТУЫСТАРЫ

 213 Просмотров

Күні кеше Шымкентте 3 жасар қыздың денесі табылды. Полицияның алдын ала болжамы бойынша, ол өз құсығына өзі тұншығып өлген болуы мүмкін. Алайда оның туыстары бұған сенбейді. Айтуларынша, қыз баланың денесінің сау-тамтығы жоқ. Тіпті, бұтында іш киімі де болмаған, деп хабарлайды Neonomad.kz ақпарат агенттігі Еуразия бірінші арнасына сілтеме жасап.

«Гороховый көйлек кигізген едік, сол көкірегінде тұр. Іш киімі, аяқ киімі және қолында тарағы жоқ. Мынаның бәрі қан ғой. Денесінің бәрі қан. Іш киімі – бәрін полиция қызметкері тауып берді. Сол жердегі жаман үйден тапты. Қызымның соңғы сөзі, демі «Уф» деді ініме қарап, болды. Басқа еш бәле айтпаған», – дейді анасы.

Бұдан өзге Кәусар есімді бұлдіршіннің туыстары оны тапқан кезде көйлегінің көкірегіне дейін ашық-шашық болғанын айтады. Одан бөлек үсті-басы қан болған. Денесінің көгергені соншалық, сау-тамтығы жоқ. Осы орайда, туыстары оның өлтірілгеніне сенімді екенін жеткізді.

«Әр жерді қарап шыққаным сол еді, сұстиып шалқасынан жатыр екен. Сол кезде не істерімді білмей тұрып қалдым. Басы бер жағында, аяғы ар жағында жатыр. Аяғы талтайып кеткен, бұтында іш киімі жоқ. Көйлегін көкірегіне дейін көтеріп тастаған. Екі аяғы көгеріп кеткен. Бет-аузының бәрі көгерген. Ес-түсін білмейді. Не істерімді білмей, шок болып тұрдым», – дейді туысы Айжарқын Айтпаева.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *