Португалияның сұр мергені Криштиану Роналду карьерасындағы голдар саны бойынша абсолютті рекорд орнатты.

 5,951 Просмотров

Аты аңызға айналған футболшы Пеле «Ювентус» шабуылшысы Криштиану Роналдуды құттықтады.

«Роналду, өмір деген-жалғыз ұшу. Әркім өз саяхатын жасайды! Мен сенің жанкүйерімін, ойнағаныңды ұнатамын, және бұл ешкімге құпия емес. Ресми матчтардағы голдар саны бойынша менің рекордымды бағындыруыммен шын жүректен құттықтаймын. Мен өкінетін жалғыз нәрсе — ол, бүгін сені құшақтай алмаймын. Бірақ мен бұл суретті сіздің құрметіңізге, көптеген жылдар бойы қалыптасқан достықтың символы ретінде үлкен махаббатпен қалдырамын»,-деп жазды 80 жастағы Пеле өзінің Instagram парақшасында.

20 қаңтар күні португалиялық шабуылшы карьерасындағы 760-шы голын соқты, ол Италия Суперкубогы үшін «Наполимен» өткен ойында көзге түскен болатын (2:0). Сонымен қатар, Роналду чехословакиялық шабуылшы Йозеф Бицанның (759) жетістігінен асып түсіп, карьерасындағы голдар саны бойынша абсолютті рекорд орнатты. Бұған дейін Роналду Пеленің (757) рекордынан асып түскен болатын.

Айта кетейік, «Ювентус» командасы 26 ойында 55 ұпай жинап, кестеде үшінші орында тұр. Келесі турда, 21 наурызда, Турин клубы «Беневентоны» қабылдайды.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *