ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМІ ЕРЕКШЕ БАЛА ТӘРБИЕЛЕП ОТЫРҒАН АНА МЕН АРДАГЕРЛЕРДІ ҚҰТТЫҚТАДЫ

 306 Просмотров

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов пен «NUR OTAN» партиясы қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Жанар Бектаева бірнеше нәзік жандыны 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күнімен құттықтап, шаңырағына барды.
Әуелі қала әкімі ерекше күтімді қажет ететін бала тәрбелеп отырған Индира Баймурунованың шаңырағында болды. Үш жастағы кенже ұлы Али Орынбасар бүгінде халыққа әлеуметтік қызмет көрсететін қалалық аумақтық орталығында жартылай стационарлық (күндізгі бөлім) жағдайда арнаулы әлеуметтік қызмет алады. Бүлдіршін оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес барлық құралдармен қамтылған.
Мұрат Дүйсенбекұлы Ұлы Отан соғысы ардагері Анна Федоровнаны мерекемен құттықтады. Ардагерге жылы лебізін білдірген қала әкімі ІІ Дүниежүзілік соғыста апа-әпкелеріміздің көрсеткен жанқиярлық ерліктері мен жаужүректілігін мәңгі естен шағармайтынын, өскелең ұрпаққа бейбіт өмір сыйлаған Ұлы Жеңістің біз үшін маңызы ерекше зор екенін атап өтті.
Майдан даласындағы естеліктерімен бөліскен Анна Федоровна бүгінгі ұрпақтан Тәуелсіз Қазақстандағы бейбіт өмірдің қадірін ұғынуды өтінді.
Мұнан кейін, шаһар басшысы 103 жастағы тыл ардагері Бибисара Иржанованы құттықтады. Ол 1918 жылы Челябинск облысы, Чесменский ауданында, ауқатты отбасында дүниеге келген. 1930 жылдары Қазақ даласына жер аударылған. Ал, ІІ дүниежүзілік соғыста тылда еңбек еткен.
– Сіздер нәзік жандылардың қаншалықты қайсар екенін көрсеткен жансыздар. Осынау тыныш заман үшін біз сіздерге қарыздармыз, – деді Мұрат Дүйсенбекұлы.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *