«КІТАП ФЕСТ»: АҚЫН АБАЙ ҚАЛШАБЕК ОҚЫРМАНДАРМЕН КЕЗДЕСТІ

 7,819 Просмотров

Бүгін Шымкентте өтіп жатқан «Кітап фест» республикалық фестивалі аясында белгілі ақын, ғалым, аудармашы Абай Қалшабек оқырмандармен кездесті.
Кездесу барысында шараға қатысушылар қазақтың бас ақыны Абай Құнанбайұлының мұрасы, бүгінгі қазақ әдебиетіне келген жас ақын-жазушылардың шығармашылығы туралы пікір алмасты.
– Қазіргі ақындар өлеңге үлкен баға береді. Ал, Абай Құнанбайұлы: «Өлең — сөздің патшасы, сөз сарасы» — деген. Ғалымдар тұлға тануды үш кезеңнен тұрады деп айтады. Біріншісі — мифті кезең, екінші кезең — көркемдік кезең, үшінші кезең — ғылыми кезең. Қазақ тарихында үш кезеңнен өткен бір ғана тұлға бар, ол – һакім Абай. Үшінші кезең әлі де жүріп жатыр. Абайды танып, таңғалатын кезең өтіп кетті, енді бізге Абайды ғылыми тұрғыдан танитын уақыт келді – деді А. Қалшабек.
Әдеби басқосуда М. Жұмабаев атындағы №39 мектеп оқушылары Абай өлеңдерінен үзінділер оқыды. Сондай-ақ , шара «Отырар» кітапханасы, Шымкент қалалық жасөспірімдер кітапханасы және Абай кітапханасы дайындаған әдеби сағатпен жалғасты.
Айта кетейік, Шымкенттегі «Кітап фест» көрмесі 5 желтоқсанға дейін жалғасады. Көрме барысында Нұр-Сұлтан, Алматы, Қарағанды, Шымкент қалаларындағы, яғни «Қазақ университеті», «Фолиант», «Книжный клуб», «Жебе», «Қызмет газеті», «Шұғыла кітап» «Эрудит» «Қазына» баспа үйлерінің туындыларымен таныса аласыздар!

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *