«КІТАР FEST» АЯСЫНДА ТАРИХШЫ МОМБЕК ӘБДІӘКІМҰЛЫМЕН ПІКІРЛЕСУ САҒАТЫ ӨТТІ

 726 Просмотров

Шымкент қаласындағы «Көрме» орталығында өтіп жатқан «КІТАР FEST» фестивалі аясында тарихшы, шежіреші, жазушы Момбек Әбдіәкімұлымен пікірлесу сағаты өтті.
Шараға өңірдің зиялы қауым өкілдері, тарихшылар қатысты. Пікірлесу барысында қатысушылар ономастика, өлкетану, саяси қуғын-сүргін секілді Шымкент өңірінің тарихи кезеңдеріне тоқталып, құнды ой-пікірлерін ортаға салды.
Жиында Момбек Әбдіәкімұлы Шымкент қаласында қуғын-сүргін құрбандары музейін ашу туралы ұсынысын айтты. Бұл пікірді құптаған Түркістан облысының қоғамдық-саяси тарихы архивінің басшысы Гүлнар Шардарбекова бұл музейдің тарихымызды дәріптеуге зор үлес қосатынын атап өтті. Сонымен қатар, қоғам белсендісі, ұлағатты ұстаз Өмір Шыныбекұлы Ономостикаға қатысты, көше атауларына Әлімхан Ермеков секілді тарихи тұлғалардың есімдері берілсе деген өз ойын жеткізді.
Жиынға қатысқан Тұңғыш Президенттің курстасы Әмидолла Ермаханбетов Елбасының ерен еңбектері жайында сөз қозғады. «2012 жылы Тұңғыш Президент күні» деп жарияланған еді. Тәуелсіздік алған 30 жыл ішіндегі жеткен жетістіктер, елдің тыныштығы, бәрі де Елбасының сарабдал саясатының арқасы деп білемін», деді Ә.Ермаханбетов.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *