«КІТАП ФЕСТ» АЯСЫНДА ЖАЗУШЫ-ДРАМАТУРГ САЯ ҚАСЫМБЕК ПЕН ОҚЫРМАНДАРДЫҢ КЕЗДЕСУІ ӨТТІ

 1,134 Просмотров

Бүгін Шымкентте өтіп жатқан «Кітап фест» республикалық фестивалі аясында Ж.Шанин атындағы Шымкент қалалық драма театрының драматургі, жазушы Сая Қасымбектің қатысуымен пікірлесу сағаты өтті.
Кездесу барысында сөз алған жазушы бүгінгі сахна саңлақтары, жас драматургтердің туындылары, театр өнері, әдебиет пен мәдениет, кітап фестивалі жайлы сөз қозғады.
— Қаламызда тұңғыш рет өтіп жатқан кітап фестивалінің біздің руханиятымызға қосып жатқан үлесі өте зор. Ұйымдастырушылар оқырман мен кітап һәм автор арасындағы үш бұрышты әдемі байланыстыра білген. Кітапты насихаттау — өткеніңді жаңғырту. Кітап деген адамды адастырмайтын маяк сияқты дүние. Бүгінгі кездесуден үлкен әсер алдым. Оқырмандарым маған жаңа шығармалар жазуға шабыт сыйлады. Ұйымдастырушыларға алғыс айтамын, – деді Сая Қасымбек.
Аталған жоба аясында оқырмандар жазушыға сұрақтарын қойып, автордың «Қайран жеңшем» атты прозалық кітабымен танысты.
Айта кетейік, Шымкенттегі «Кітап фест» көрмесі 5 желтоқсанға дейін жалғасады. Көрме барысында Нұр-Сұлтан, Алматы, Қарағанды, Шымкент қалаларындағы, яғни «Қазақ университеті», «Фолиант», «Книжный клуб», «Жебе», «Қызмет газеті», «Шұғыла кітап» «Эрудит» «Қазына» баспа үйлерінің туындыларымен таныса аласыздар!

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *