IX АЗАМАТТЫҚ ФОРУМЫНЫҢ ЖАБЫЛУ САЛТАНАТЫ ӨТТІ

 864 Просмотров

«Қоғам және мемлекет: серіктестік пен дамудың 30 жылы «BIRGEMIZ» IX Азаматтық форумының жабылу салтанаты өтті.

Форумның ерекшелігі – республиканың барлық өңірінен үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері онлайн платформа арқылы бас қосты.
Мәжіліс отырысы ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева мен ҚР мемлекеттік хатшысы Қырымбек Көшербаевтың құттықтау сөзімен басталды.
– Форум барысында түрлі деңгейде 40-қа жуық диалог алаңы ұйымдастырылды. Орталық мемлекеттік органдардың бірінші басшылары деңгейінде 12 кездесу өткізілді. Форум қорытындысы бойынша 650-ден астам нақты ұсыныстар түсті. Бұл орайда билылғы ІХ Азаматтық форум жұмысы да жемісті болды деп айтуға негіз бар, — деді Аида Балаева.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өз Жолдауында азаматтық қоғамды дамыту және үкіметтік емес ұйымдардың беделін арттыру жайлы айтқан болатын.
Шымкент қаласында 800-ге жуық үкіметтік емес ұйым жұмыс істейді. Азаматтық қоғам мүшелері қаламыздың әлеуметтік-экономикалық дамуына қомақты үлес қосуда.
Аталған форумның марапаттау рәсімінде, үкіметтік емес ұйымдарға арналған диплом мен сыйақы еліміздегі әлеуметтік міндеттерді шешуге белсене атсалысып, азаматтық қоғамның қалыптасуы мен дамуына өз үлестерін қосып жүрген үкіметтік емес ұйымдардың өкілдеріне табысталды.
Шымкент қаласынан «Отбасылық-демографиялық және гендерлік мәселелерді шешуге жәрдемдесу» бағыты бойынша «Сана сезім» әйелдер бастамасы құқықтық орталығының төрайымы Шахноза Кулабдуллақызы Хасанованы Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары Шыңғыс Мұқан марапаттады.
Форумның ресми бөлімінен кейін, қала әкімінің бірінші орынбасары қоғамды дамытуға бағытталған әрбір жоба мен шешімін күткен өзге де мәселелерді қозғап, бірлесіп жұмыс атқаруды ұсынды. Үкіметтік емес ұйымдармен бірігіп жасайтын алдағы жоспарлар талқыланып, нақты міндеттер бекітілді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *