№ 2 ҚАЛАЛЫҚ АУРУХАНАНЫҢ БАС ҒИМАРАТЫНДА ҚҰРЫЛЫС ЖҰМЫСТАРЫ АЯҚТАЛУДА

 1,152 Просмотров

Шымкент қаласының «№2 қалалық аурухана» МКК ғимаратына бүгінде күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Аурухана аумағында үш ғимарат орналасқан: стационар, босану бөлімі және емхана бөлімшесі. Қала әкімі М. Әйтенов әлеуметтік нысанның құрылыс барысымен танысты.
Келісімшарт бойынша құрылыс жұмыстарының уақыты 11 айға – 2020 жылдың ақпан айынан желтоқсан айы аралығына жоспарланған еді. Мердігер мекеме «Югстройсервис-н» ЖШС құрылысты кестеге сәйкес жүргізуде.
Қазіргі таңда нысанның бас ғимараты – стационарда күрделі жөндеу жұмыстары аяқталған. Ал босану бөлімі ғимараты мен емхана ғимаратында жөндеу жұмыстары жалғасуда.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *