ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫ ЦИФРЛАНДЫРУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

 2,940 Просмотров

Шымкент қаласы әкімінің өкімімен Әсет Маратұлы Әбдіраханов қалалық цифрландыру басқармасының басшысы болып тағайындалды.
Әсет Маратұлы 1990 жылы Оңтүстік Қазақстан облысында дүниеге келген. Мамандығы – экономика және құқық бакалавры, урбан инжиниринг магистрі. Сондай-ақ, «Болашақ» бағдарламасымен Манчестер университетінде білім алған.
Қызмет жолы 2010-2012 жылы «Вертикаль-Т» ЖШС-де маркетинг маманы болудан басталған. 2012 жылы «Шымкент Октан» ЖШС мұнай өнімдерін қабылдау цехы бастығының орынбасары болған. 2012-2013 жылдары Астана қаласында ҚР Көлік және коммуникация министрлігі Халықаралық ынтымақтастық департаменті Екіжақты ынтымақтастық басқармасы сарапшысының міндетін атқарушы, кейіннен сарапшысы болып қызмет атқарған.
2013-2014 жылдары ҚР Көлік және коммуникация министрлігі Халықаралық ынтымақтастық департаменті Халықаралық ұйымдар басқармасының сарапшы, 2014-2015 жылдары ҚР Инвестициялар және даму министрлігі Активтерді басқару департаменті Мемлекеттік заңды тұлғалармен жұмыс басқармасының сарапшысы, кейіннен бас сарапшысы болған.
Сонымен қатар, Әсет Әбдіраханов 2015-2017 жылдары Шымкент қаласы кәсіпкерлік бөлімі басшысының орынбасары, 2017-2018 жылдар аралығында Шымкент қаласы кәсіпкерлік бөлімінің басшысы лауазымын атқарған. 2018-2019 жылдары Шымкент қаласының кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасы басшысының міндетін атқарған.
2019 жылдан бүгінгі күнге дейін Шымкент қаласының кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасы басшысының орынбасары болып жұмыс жасаған.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *