ШЫМКЕНТТЕ «ОЙЛЫ БОЛСАҢ, ОЗЫП КӨР!» БАЙҚАУЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ АНЫҚТАЛДЫ

 1,055 Просмотров

Шымкентте ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Рухани жаңғыру: Болашаққа бағдар» мақаласы аясында және «Интеллектуалды ұлт – 2020» мемлекеттік идеясын жүзеге асыру мақсатында «Ойлы болсаң, озып көр!» байқауы ұйымдастырылған болатын. Жоба негізінде ақыл-ой тәрбиесінің негізі болып саналатын шахмат, тоғызқұмалақ, дойбы ойындары 15 қазанда бастау алып, бүгін өз мәресіне жетті.
Байқауға қатысушыларды құттықтауға Шымкент қаласы ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының басшысы Жанар Бектаева, «Егемен Қазақстан» газетінің Түркістан облысындағы меншікті тілшісі, ҚР Журналистер Одағының Түркістан облыстық филиалының төрағасы, Төлеби ауданының Құрметті азаматы Ғалымжан Елшібай қатысты. Салтанатты шарада сөз алған Шымкент қаласы ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының басшысы Жанар Бектаева биылғы жаңа оқу жылының басты жаңалығы – Шымкент қаласының мектептерінің бастауыш сыныптарында шахмат пәні енгізілгенін ерекше атап өтті.
— Бүгін Сіздермен асыға күтіп, аяқталып мәресіне жеткен «Ойлы болсаң, озып көр!» байқауының қуанышты сәтінде жүздесіп отырмыз. Біз Шымкент қаласында «Интеллектуалды ұлт» жобасын, бүкіл әлемде орын алып жатқан жаман індеттің қиыншылықтарына қарамай, уақыттан ұта қимылдап жүзеге асыруға ұмтылдық. Бұл біз үшін, жас ұрпақтың болашағына жасалынған игі қадам деп сеніммен айта аламын. Алдағы уақытта да жастар үшін, жастардың болашағы үшін көп игі тірліктер қолға алынады. Өздеріңіз қатысып отырған осы «Intellectualdy ult» жобасы аясында да болашақта атқарылатын жоспарларымыз көп. Оған сіздер де белсене атсалысады деген үлкен сенімдемін. Биылғы жаңа оқу жылының басты жаңалығы өздеріңіз жиі естіп, ақпарат құралдарынан біліп жатқан – Шымкент қаласының мектептерінде, яғни бастауыш сыныптарында шахмат пәні енгізілді. Бұл да жақсы нәтиже береді деген үміттемін.
Қазақстанның рухани жаңғыруы, біріншіден, өскелең ұрпаққа бағытталған. Балаларға қамқор болу, олардың зияткерлік дәстүрлерге қызығушылықтарын ояту – біздің мемлекеттің маңызды бағыттарының бірі — деді басқарма басшысы Жанар Әлібекқызы.
Жоба бойынша жалпы жүлде қоры – 2,5 млн теңге. Шахмат, тоғызқұмалақ, дойбыдан сайыс жас ерекшеліктеріне қарай оқушылар, ересектер және ардагерлер мен ұстаз-тәлімгерлер арасында өтті.
Үш күнге созылған байқаудың қорытындысы бойынша:
Шахматтан:
Ардагерлер арасында
1. Лигай Александр
2. Ерімбетов Әбілқасым
3. Сапаров Әмірбек
Ересектер арасында
1. Әбділхайыр Әбілмансұр
2.Канаев Ардақ
3. Онгаров Абзал
Оқушылар арасында
1. Султанбек Зейнеп
2. Айнақұл Мұхтар
3. Қойшыман Мұхаммеджан
Ұстаз-тәлімгерлер арасында
1. Биғабылов Жұбан
2 .Биғабылов Жұбан
3. Канаев Ардақ
Тоғызқұмалақтан:
Ардагерлер арасында
1.Аманова Мадина
2.Алиакбарова Назира
3.Уразалиев Суханберды
Ересек (ұлдар) арасында
1.Беркінбаев Жарылқасын
2.Сүлеймен Абылайхан
3.Қалыбек Дастан
Ересек (қыздар) арасында
1. Қуанышбек Жансая
2. Қуанышбекова Айкерім
3. Есболова Ұлбосын
Оқушылар (ұлдар) арасында
1. Қалыбек Бақытжан
2. Еркін Бауыржан
3. Қадырбек Нұрғиса
Оқушылар (қыздар) арасында
1. Досхан Сабина
2. Рысбай Әсел
3. Жаныбекқызы Жанел
Ұстаз-тәлімгерлер арасында 14 жасқа дейін
1. Салтанат Сапарбекова
2. Сабит Сапарбеков
3. Ерлан Аманов
Ұстаз-тәлімгерлер ересектер арасында
1. Галымжан Темирбаев
2. Сабит Сапарбеков
3. Мадина Аманова
Дойбыдан:
Ардагерлер арасында
1. Бердибаев Бауржан
2. Алекбаров Данияр
3. Шакирова Сауле
Ересектер арасында
1. Тен Вероника
2.Турабаева Әсем
3. Асанхан Лилия
Оқушылар арасында
1. Тен Денис
2. Серикова Диана
3. Турабай Бекзат
Ұстаз-тәлімгерлер
1. Тен Валерий
2 .Бердибаев Бауржан
3.Ли Галиналар жеңімпаз атанды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *