МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕР ҚАЙТА ДАЯРЛАУ ЖӘНЕ БІЛІКТІЛІКТІ АРТТЫРУ КУРСТАРЫНАН ӨТТІ

 766 Просмотров

Бұл туралы бүгін ақпараттық-коммуникациялық орталығында өткен брифингте ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Шымкент қалалық филиалының директоры Әділет Нысанбаев мәлімдеді.

– Жыл басынан бері академия филиалы базасында 1001 азаматтың оқытылуы жоспарланып, бүгінде 972 мемлекеттік қызметші мен азаматтық қызметші біліктіліктерін арттыру мақсатында семинарлар және қайта даярлау курстарынан өтті. Яғни, мемлекеттік және әкімшілік лауазымды қызметшілер жоғары білікті кәсіби маман ретінде алған білімдерінің арқасында өз саласында жоғары құзыреттіліке ие болып, еңбек нарығында бәсекеге қабілеттілігін арттыра алады. Біз мемлекеттік қызметшілердің біліктілігін арттырумен қатар, стратегиялық ойлауға, бірыңғай құзыреттілік шеңберін көтеруге және өңірлік компоненттерге басымдық береміз, – деді Ә.Нысанбаев.

Әділет Әділбекұлының сөзіне сүйенсек, мемлекеттік қызметшілердің кәсіби деңгейін жоғарылату мақсатында академия филиалының білікті профессорлары мен доценттері тарапынан ұйымдастырылатын дəрістерде көптеген өзекті тақырып қамтылады. Мәселен:
– Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мəдениет;
– Жобалық басқару;
– Халықпен өзара қарым-қатынас мәдениеті;
– Жұртшылық алдында жария сөз сөйлеу;
– Көшбасшылық және эмоциялық интеллект;
– Өзгеріс енгізетін көшбасшылардың жүйелік ойлауы және латын графикасы негізіндегі ресми жазылым сынды дәрістер оқытылады.

Спикердің мәлімдеуінше, қазіргі таңда 72 жоба әзірленіп, 2020 жылдың жинақ қорына кірген. Комиссия мүшелері осы жобалардан ең өзектілерін іріктеп, Шымкент қаласы Әкімдігінің жобалық кеңсесіне іске асыруға ұсынып отырады. Яғни, кеңсе мен академия филиалы арасында тығыз қарым-қатынас орнатылған.

Айта кетейік, бүгінгі эпидемиологиялық ахуалға байланысты мемлекеттік қызметшілерді оқыту үрдісі онлайн форматта жүргізілуде.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *