ШӘМШІ ҚАЛДАЯҚОВТЫҢ ТУҒАНЫНА 90 ЖЫЛ

 546 Просмотров

Биыл ұлтымыздың ұлы композиторы Шәмші Қалдаяқовтың туғанына — 90 жыл толып отыр. Отырар да туылып, тұтас ұлтының перзентіне айналған Шәмші, қазақ өнеріне ұлы өзгеріс алып келген тұлға.

Бүгінде Шәмшінің қайталанбас туындылары ауыздан ауызға тарап, шет елдерге таныла бастады. Қазақ вальсінің королі атанған -Шәмші Қалдаяқов өз әндері арқылы ұлтының сан- алуан мінезін, көңіл-күйін, болмыс-бітімін музыка тілінде сөйлетті. Әуелден ұлтымыздың бойындағы музыкаға деген ұлы махаббат Шәмші әндері арқылы айшықтала түсті. «Менің Қазақстаным», «Ана туралы жыр» «Қайықта», «Сыған сернадасы», «Бақыт құшағында» сынды көптеген әйгілі әндері 60-70 жылдарда ғана айналып қойған жоқ, Қазақ музыкасының «Алтын қорына» таспаланды.

Солай Шәмші Қалдаяқов қазақ эстрадасының негізін қалаушылардың бірі ғана емес, бірегейіне айналды. Бүгінге дейін Шәмшінің әндері айтушының аузында, халқының жадында шырқалып келеді. Жыл сайын Шәмші Қалдаяқовтың туған күні Республика деңгейінде кең көлемде аталып өтіледі.

Биылдың өзінде Шәмші Қалдаяқовтың құрметіне арналған 100 астам онлайын бағдарламалар ұйымдастырылған. Уақыт жылжыған сайын Шәмші әндері үлкеннің де кішінің де жүрегінен өз орынын таба білген қазақ өнерінің ең озық үлгісіне айналды.

Бұл ұлтының мақтанышына айналған ұлы тұлғаның ғана басына қонатын бақ десек артық айтқанымыз емес шығар.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *